Текст
Бүгін мектебімізде алғыс айту күніне арналған барлық сыныптарда сынып сағаты өткізілді. Бұл мерекеде Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау шақта құшақ жая қарсы алған дархан көңіл қазақ халқына алғыс айтады.Бүгінде қазақ жеріне 100-ден аса ұлт өкілі ауызбіршілікте, тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Тарихтың куәгерлері бұл күні ұрпақ бойына сыйластық нәрін сіңіруге мүдделі.