"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік желілер

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Smart-технологяны қолдану заман талабы

27.01.2020

 
 
 

Смарт технологияны пайдаланып, оқыту әдістерін жаңарту қазірде өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Яғни бұл дегеніміз заманауи ақпараттық және ұйымдық жүйелер арқылы адамның интеллектуалдық, жоғары технологиялық мүмкіндіктері жайлы орта құру. Оларды қолдануда әрбір жеке тұлға өзіне қажетті ақпаратты алатындай ұйымдастыру керек. Смарт білім беру дегеніміз үлкен көлемдегі әр түрлі білім ресурстарының (аудио, видео, графика) тыңдаушыға қажетінше оңай әрі жылдам, ыңғайлы түрде берілуі болып табылады. Сонымен қатар оңай басқарылатын және әрдайым сыртқы білім ресурстарымен толығып отыратын болуы тиіс.

Бұл технология барлық білім беру үдерістерін және осы үдерісте қолданылатын барлық әдістер мен технологияларды түгелдей жаңаруын жүзеге асырады және де ақылды тақта, ақылды экран, кез келген жерден интернетке қосылу сияқты жаңа технологиялардың туындауына себеп болады. Осы пайда болған жаңа технологиялар контентті жасақтап, жүйелеп пайдаланушыға жеткізеді.  Яғни білім беру үдерісінің кез келген қатысушысы (оқушы немес мұғалім) интернет желісі арқылы ортақ контентті белсенді пайдалана алады. Бұл өз кезегінде білім беру үдерісінің уақытқа немесе орынға (сынып, аудитория) тәуелділігін жояды.

Бүгін мектебімізде Смарт технологияны қолданудың тиімділігі туралы математика пәні мұғалімі Бекболат Еркегул   информатика пәні мұғалімі Арин Кенжегулдің бірлесіп өткізіген Zipgrate, Kahoot қосымшаларды қалай қолдану керектігін әріптестерімен бөлісті. Барлық мұғалімдерге бұл қосымшалар ұнады деген ойдамыз, рефлексия барысында мұғалімдер өздеріне ұнағандығын жеткізді.

Информатика пәні мұғалімі: Арин Кенжегул

Математика пәні мұғалімі: Бекболат Еркегул
 
 
Модернизация методов обучения с использованием интеллектуальных технологий является сегодня одной из наиболее актуальных проблем. То есть создать среду, в которой интеллектуальные, высокотехнологичные возможности человека достигаются с помощью современных информационных и организационных систем.
 
 
Просмотров: 418


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст