"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік желілер

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Менің интернетсіз бір күнім

20.01.2020

Бүгін мектебімізде барлық сыныптарда "Менің интернетсіз бір күнім" атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Біз интернетті не үшін қолданамыз? Әрине, алыс-жақын туыстармен, достармен хат алмасу үшін, керекті материалдарды іздеу үшін, инстаграм, фейсбук желілеріне қосылып, күнделікті болып жатқан жаңалықтармен бөлісу үшін. Айта берсек көп қой. Сіз интернетсіз өмір сүре аласыз ба?- деген сұраққа жауап іздеп көріп едім, адамдардың 40% -ы "иә" десе, қалған 60%-ы "жоқ"- деп жауап қайтарды.  Осыдан-ақ адамдардың интернетке қаншалықты тәуелді екенін білуге болады. Ең бастысы біздің өміріміздің идеясы телефонда, интернетте  тұрып қалмасыншы, ағайын! Ол жақындардың жылуын, жақсылардың жарығын, жамандардың суығын көріп, сезіп, саналы өмір сүруге кедергі келтірмесін. Расымен, қазіргі таңда ұялы телефонсыз, интернетсіз өмір сүру қиындап кетті. Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын. Кейбір адамдар интернетсіз-ақ керемет  күн кешуде, бізде бір күнімізді интернетсіз өткізуге ат салысайық.

 

Просмотров: 475


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст