Республика көлемінде барлық мектептерде жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Біздің мектепте де ата-аналар жиналысы өтті. Мектеп басшысы Дуйсенбаев М.Ж жиналыстың ашылуын хабарлап, ата-аналарды отбасы мерекесімен құттықтады. Бала тәрбиесі - басты назарда. Ата-ана мен оқытушылар тығыз байланыс орнатып, осыған мән беру керектігі айтылды, Оқу ісінің меңгерушісі Омарова М.Б-на мектебіміздің білім сапасы жөнінде тоқталды, Мектеп психологы Қызыр Айгул суцидтің алдын алу туралы видеоролик көрсетіп, баланың жүріс-тұрысын қадағалап отыру керек екендігін айтты. Информатика пәні мұғалімі Арин Кенжегул "Білімді цифрландыру бойынша Қазақстан көлемінде туралы жаңа іс-шаралар еліміз бойынша алға қойылғанын, ең бірінші, бүкіл әлем елдері сияқты информатиканы ерте оқыту. Мысалы информатика 2007 жылы 7-сыныптан басталса, 2014 жылы 5-сыныптан басталған. Ал осы оқу жылынан бастап үшінші сыныптан басталатынын айтып, күнделік.кз, білімланд сайттарының мүмкіндіктерін, ата-аналар үшін баласының күнделікті оқу үлгерімін, үй тапсырмасын мектепке келмей-ақ қадағалап отыруға болатынын айтты және видеороликтер көрсетілді. Біздің мектептің ата-аналар белсенді қатысты.