Текст
Жақсы ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 2-7 сынып оқушыларына арналған "Зерде" республикалық зерттеу жобалар конкурсының аудандық кезең жеңімпазы Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Егизбай Әлия І -дәрежелі Дипломмен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі Бекболат Еркегул мұғалімді және оқушымызды шын жүректен құттықтаймыз. Алда болатын облыстық кезеңге сәттілік тілейміз.