«Қазақстан! Нұрсұлтан! Жас ұлан!» деп ұрандаған, жүрегінде жалыны бар белсенді оқушылар
«Жас ұландар» мен «Жасқырандар» құрамына мүшелікке қабылданды. «Жас Ұлан» ұйымының мақсаты - өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
«Жас Ұлан» ұйымының міндеттері Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту болып табылады.
Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелейтін және туған тілі мен дінін дәріптеуге, отандастарымыздың даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке баулитын, сонымен қатар туған елінің жанашыр азаматы болып өсуіне зор ықпалы бар осынау ұйым балалар үшін маңызы айтарлықтай үлкен деп айтуға болады.
Сайдың тасындай іріктеліп алынған оқушылардың жанарынан білімге деген құштарлық пен болашаққа деген сенім көрінеді. Болашақта «Мәңгілік ел» тізгінін ұстайтын азаматтар, бүгінгі «Жас ұлан» және «Жас қыран» қатарына кірген оқушыларымыз екені анық.
«Жас қыран», «Жас ұлан» ұйымына қабылданушыларға төсбелгісі және галстуктерді табыстау рәсімін мектебіміздің директоры Дуйсенбаев М.Ж, оқу ісінің меңгерушісі Омарова М.Б-на табыстады.
Іс-шара барысында патриоттық әндер орындалып, қазақтың қара домбырасымен күй шертілді. Мектебіміздің директоры құттықтау сөзінде: «Жастарымыз бүгінгідей бейбіт күнде өмір сүріп, Тәуелсіз еліміздің білімді азаматтары болып, ұрпақтарымыз қырандай күшті, ұлтжанды, әрқашанда биік шыңдардан көрінсін. Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін»,-деген тілегін айтты.