«Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы»
Н. Ә. Назарбаев
Тіл қай елде, қай ұлтта болмасын – қастерлі, қасиетті, құдыретті ұғым. Тіл әрбір адамға ана сүтімен беріледі. Ана сүтімен бойға берілген қасиеттер туған ана тілдің арқасында дами түседі. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік балалық шақтан басталуы қажет. Бізді қоршаған айналадағы адамдарға өзінің туып-өскен жерге, Отанға деген ерекше сезім мен махаббат та туған ана тіліңді білуден басталады. Тіл- халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы.
Ана тілдің қадір-қасиеті туралы қанша айтсақта таусылмайды. Адамның қолындағы байлық тозады, жоғалады, ал тіл-тозбайтын ең қымбат мұраларымыздың бірі. Қазақ халқының біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» - деген екен. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы. Бүкіл дүние жүзінде атақты Шекспир шығармашылығында он үш мың сөз қолданған екен. Міне, осыдан қазақ халқының ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов бір ғана «Абай жолы» романында он алты мың сөзді қолданған екен. Міне осыдан қазақ тілінің қасиетті де қастерлі асыл тіл екенін түсінуге болады. Ақиық біртуар ақын Мұқағали Мақатаев «Ал екінші бақытым – тілім менің, тас жүректі тіліммен тілімдедім»
Елінің халқының болашағын ойлайтын Тәуелсіз еліміздің әр азаматы ана тілінің болашағына қолынан келгенше көмектерін аямауы тиіс.
Бүгінгі қазақ тілінің тағдыры мен болашағы Елбасымызды да аз толғандырып отыр. Елбасының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» дегені. Ал кейінгі «Рухани жаңғыру» жолдауында айтылған «Біз барша қазақстандарды біріктіруші басты факторлардың бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дмытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» деген еді. Қазақ тілінің Қазақстан халықтарының басын біріктіруші ұйытқы болуын көздеп отыр. Қай қоғамда да тіл мәселесі болатыны белгілі. Біздің ұлтта да тіл өзекті мәселе болып отыр. Солардың бірі ғана латын әліпбиіне көшуі болып отырғандығы мені қатты алаңдатады. «Тілін жоғалтқан халықтың өзі де жоғалады» деген А. Байтұрсынұлының пікірі тарихтан белгілі. Сан ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егеменді ел болып жатқан сындарлы кезеңде мемлекеттіміздің нышаны ана тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түп қазығына айналдыру – әрбір ұлтын сүйетін азаматтың басты міндеті деп білемін. Ата-бабамыздан қалған асыл қазына тілімізді сақтаудың тиімді жолы ана тілінде сөйлеп қана қоймай, тілімізді қадірлеу қажет. Бұл – ана тілінің қадір-қасиетін арттыра түссері сөзсіз. Қазақстан әлемдегі ең мықты жоғары дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін азаматтарымыз қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы қажет.
Беловодское орта мектебінің
9 сынып оқушысы
Жаксылыкова Малика